$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан мен Қытай шекара маңы ынтымақтастығы форумында 16 екіжақты құжатты жасасты

Қазақстан мен Қытай шекара маңы ынтымақтастығы форумында 16 екіжақты құжатты жасасты
фото: www.gov.kz

Қазақстан Республикасы мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының шекара маңы ынтымақтастығының II Достық диалогы аясында екіжақты 16 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 Оның ішінде 565,4 млн сомасына 6 өңіраралық, 5 өзара түсіністік туралы меморандум, 5 коммерциялық келісімшарт бар.

1. Шығыс Қазақстан облысы мен ШҰАА арасында бауырластық байланыстар орнату туралы келісім.

2. Абай облысы мен ШҰАА арасында бауырластық байланыс орнату туралы келісім.

3. Жетісу облысы мен ШҰАА арасында бауырластық байланыс орнату туралы келісім.

4. Алматы облысы мен ШҰАА арасында бауырластық байланыс орнату туралы келісім.

5. Қазақстан Республикасының Алматы қаласы мен Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арасында бауырластық байланыстар орнату жөніндегі ниеттер туралы хаттама.

6. Жетісу облысының әкімдігі мен ШҰАА Халықүкіметі арасында «Қорғас» ХШЫО қызметін үйлестірутетігін құру жөніндегі ынтымақтастық туралымеморандум.

7. Astana International Exchange (AIX) мен Xinjiang Bank Co. Ltd арасындағы өзара түсіністік туралымеморандум.

8. Қазақстан мен Қытай арасындағы халықаралық медициналық ынтымақтастықты тереңдету туралы меморандум.

9. «Alageum Electric» МК мен TBEA арасындағы өндірістік қуаттар саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.

10. Қазақ Егіншілік және өсімдік шаруашылы ғығылыми-зерттеу институты мен «JOIN hope SEEDS CO.LTD» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

11. «KTZ Express» акционерлік қоғамы мен «China Xinjiang Electronic Port Co. LTD» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.,

12. «Байи Стил» Шыңжаң халықаралық саудакомпаниясы» АҚ мен «Еуразиялық Топ» арасындағы ынтымақтастық ниеттері туралы хаттама.

13. «Вилмир» ЖШС мен «Alashankou Jinshahe Noodle Co Ltd» врвсындағы 50 мың тоннаға бидай импорты жөніндегі келісімшарт.

14. «NTERTRANS C. A.» ЖШС мен «Сан Бао»ОКӨД ЖШС арасында Қазақстанда өнімділігі 100 мың тонна/г алкилдеуді орнату жөніндегі келісім.

15. Қазақстандық «Ильин» компаниясы мен «Шыңжаң Пуси Лиинь» ЖШҚ арасындағы импорттық сатып алу бойынша істерді жүргізуге арналған агенттік келісім.

16. Түркістан қаласында «NUR-001» Қазақстан компаниясы, Шыңжаңдағы «Сылутун» ақпараттық технологиялар компаниясы және «Авиценна» Тәжікстан компаниясы арасындағы трансшекаралық шетелдік электрондық коммерция қоймаларын салу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім.

Серіктес жаңалықтары