$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ОСК «AMANAT» партиясы ұсынған депутаттарды тіркеді

Оларға куәлік пен төсбелгі табысталды

ОСК «AMANAT» партиясы ұсынған депутаттарды тіркеді

«AMANAT» партиясы ұсынған депутаттар ҚР Орталық сайлау комиссиясында тіркеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Парламент депутаттарының кезектен тыс сайлауы былтыр маусым айында өткен жалпыхалықтық референдум нәтижесіне сәйкес бастау алған еліміздегі ауқымды сайлау циклін түйіндеді. Конституциялық реформаның қорытындысы бойынша биліктің өкілді тармағын қалыптастырудың жаңа бәсекелестік ережелері заң жүзінде ресімделді. Сайлау өткізудің жаңа форматы мүдделі азаматтардың саясатқа араласу мүмкіндігін едәуір кеңейтіп, электоралдық алаңдағы жұмысты жандандырды», – деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Еске сала кетейік, Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес, «AMANAT» сайлаушылардың 53,9% дауысын жинады. Бұл 40 депутаттық мандатқа сәйкес келеді. Парламенттің төменгі палатасындағы «AMANAT» партиясы фракциясының жаңа құрамындағы әйелдер, 35 жасқа дейінгі жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлесі 32%-ды құрайды.

Сондай-ақ, бірмандатты округ бойынша Мәжіліс депутаттары сайлауының нәтижесіне сәйкес, «AMANAT» партиясының 22 өкілі жеңіске жетті.

Серіктес жаңалықтары