$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада кабельдік каналдың 12 қақпағын ұрлаған ер адам екі жылға сотталды

Ол «Астана-АЭК» АҚ-ға 211 050 теңге көлемінде материалдық зиян келтірді

Астанада кабельдік каналдың 12 қақпағын ұрлаған ер адам екі жылға сотталды
Фото ашық дереккөзден

«Астана-АЭК» АҚ кәсіпорынның қоймасынан кабельдік каналдың 12 қақпағының ұрланғаны туралы мәлімдеді. Кінәліге үкім шығарылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Астана қаласының Алматы аудандық соты елорда тұрғынын кәсіпорынның мүлкін ұрлады деген айыппен қылмыстық істі қарады.

2023 жылғы 2 ақпанда Ш. деген азамат Шарбақты көшесіндегі қоймаға заңсыз кіру жолымен кабель каналының 12 қақпағын ұрлап, «Астана-АЭК» АҚ-ға 211 050 теңге көлемінде материалдық зиян келтірді.

2023 жылдың 17 наурызындағы сот үкімімен сотталушы ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары