Ауызашар АПЛ стадиондарында алғаш рет ұйымдастырылды
«Челси» футбол клубы өткен түнде «Стэмфорд Бридж» стадионында ауызашар өткізді. Мұндай оқиға Англия премьер-лигасы стадионында алғаш рет болып тұр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ауызашар Ramadan Tent Project жобасымен біріге жасалған. «Челси» қорының басшысы лорд Даниэль Финкельштейн іс-шара туралы пікір білдірді:
«Біз қоғамның түрлі табынан құралған үлкен қоғамдастықпыз, сондықтан әрбір жанкүйердің ұстанымына сыйластықпен қарап, құрметтейміз. Бұл ерекше оқиға – премьер лига клубтары арасында ашық ауызашарды бірінші жасадық және осыны мақтан тұтатамыз».
Vesti.kz мәліметіне жүгінсек, Рамазан айы «Челси» ФК мен «Челси» қорында жеккөрушілік пен кемсітушілікпен күресуге бағытталған барлық мүдделі тараптарды тәрбиелеуге бағытталған теңдік, әртүрлілік және инклюзивтіліктің жалпы клубтық бағдарламасы болып табылатын «жеккөрушілік жоқ» науқаны аясында атап өтіледі.