Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді
Синоптиктер 28 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жоғары қысым өрісінің әсерінен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыс облыстарда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.
Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстіктен 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3°С аяз, күндіз 11-13°С жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. ауа райы болады Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7°С, күндіз 18-20°С жылы.
Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 9-11°С, күндіз 24-26°С жылы болады.