Жол апатынан бір жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды
Ақтөбе облысында екі жүк көлігі соқтығысып, біреуі жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Самара-Шымкент автожолының 1001 шақырымында Mercedes және Volvo екі жүк көлігі соқтығысқан.
«Салдарынан Mercedes автокөлігі өртеніп, оның жүргізушісі аудандық ауруханаға жатқызылды. Volvo автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды»,- деді Әйтеке би ауданы ПБ бастығының бірінші орынбасары Мадияр Әкентай.
Жол-көлік оқиғасы фактісіне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.