Дауыс беру күні 42 адам құқық бұзған – ОСК

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол жергілікті комиссия құрамын жаңарту бойынша нақты ұсыныстар қажет екенін айтты

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлау күні болған құқық бұзу туралы айтты,  деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бас прокуратураның ресми ақпараты бойынша дауыс беру күні 42 адамның тарапынан құқық бұзу тіркелген. 18 учаскелік комиссия мүшесіне Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 108-бабы бойынша айыппұл салынды. Алайда осы іс-әрекеттер азаматтардың ерік білдіру нәтижелеріне әсер етпеді. Сайлау округі мен тиісті әкімшілік аумақтық бірліктегі сайлау нәтижесін сенімді түрде анықтауға мүмкіндік беру, дауыс беру кабинасында бір адамнан артық адамның болмауы сынды кемшіліктер әлі де жойылған жоқ», - деді ол.

Нұрлан Әбдіров атағандай, қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып, жергілікті комиссия құрамын жаңарту бойынша нақты ұсыныстар қажет.

«Өз тарапынан ОСК бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстауды жоспарлап отыр. Сайлау науқанына қатысу тек саяси ғана емес, құқықтық талап екенін атап өткім келеді», - деді ол.

Оған қоса Нұрлан Әбдіров дауыс беру күні байқауды 81 мыңнан аса ұлттық байқаушы жүзеге асырғанын айтты.

«Оның ішінде кандидаттардың саяси партиялардың 38 981 сенім білдірген адамдары, саяси партиялардың 19 мың байқаушысы, 252 аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің 23 383 байқаушысы және халықаралық ұйымдардың 793 байқаушысы қатысты», - деді Нұрлан Әбдіров.