Түркістанда 11 жастағы оқушы жоғалып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір полиция жасөспірімді іздестіріп жатыр

Түркістанда 11 жастағы оқушы жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Інжу 2012 жылы туған. Бойы 130-135 см, шашы ұзын қара-қоңыр түсті.

Үстінде жейде, қара джинсы шалбар, аяғында қара түсті спорттық аяқ киім болған.          

Іздеу жарияланған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса, Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 8-725-33-97-40-94, 8-747-497-42-24, 8-701-480-78-88 нөмірлері арқылы немесе 102 арнасына хабарласу керек.

Тегтер: