Қазір Ақтауда кәмелетке толмағандарды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр
Желіде үш баласын өлтірді деген күдіктінің фотосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Маңғыстау облыстық полициясы ер адамның уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.
«36 жастағы ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы - екі немесе одан да көп кәмелетке толмағандарды өлтіру бойынша қылмыстық іс тергелуде», - деп хабарлады полицейлер.
Естеріңізге саламыз, кеше Ақтауда 2011 және 2014 жылы туған екі қыз бен 2016 жылы туған ұл өлі күйінде табылған болатын. Балаларды өлтірді деген күдікпен әкесі ұсталған болатын.