Ресей рұқсат бермегендіктен Новосібірге ұшатын рейстер тоқтатылды - QAZAQ AIR
Жолаушыларға билет құны толығымен қайтарылады
QAZAQ AIR әуекомпаниясы 26-29 наурыз аралығында Астана – Новосібір, Өскемен – Новосібір бағытындағы рейстердің орындалмайтын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ресей Федерациясы авиациялық басшылығының халықаралық тұрақты ұшуларды орындауға рұқсат беруден бас тартуына байланысты аталған бағыттар бойынша рейстер уақытша тоқтатылды.
«Жолаушыларға билет құны толығымен қайтарылады. Ақшаны қайтару билеттерді сатып алған жерде жүзеге асырылады. Егер билет авиакомпаниядан сатып алынған болса, қайтару туралы өтінішті, брондау номері мен кері байланыс мәліметтерін info@flyqazaq.com поштасына жолдау қажет. Егер билет агенттікте сатып алынған болса, сол агенттікке хабарласуыңыз керек», - делінген QAZAQ AIR әуекомпаниясы таратқан хабарламада.