Toyota концерні Camry көлігін шығаруды тоқтатады

Автор: Azattyq Rýhy

Camry енді Жапониядан өзге елдерде ғана сатылымға шығады

Toyota Motor концерні Жапон нарығына Camry седан көлігін шығаруды тоқтатады. Компания аталған модельге сұраныс көп өзге елдерге көлік жеткізуге басты назар аудармақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Toyota жапониялық дилерлік орталықтарға отандық клиенттер үшін жыл соңына қарай Camry көлігі өндірісі тоқтатылатынын ескертті. Бірақ экспорт жалғаса береді. Ішкі нарықта Camry-дің сатылымы біртіндеп азаяды. Қазірдің өзінде тапсырыстардың көбі қабылданбай жатыр. Енді Camry-дің жаңа модельдері тек шетелде сатылатын болады.

Camry негізінен АҚШ, Қытайда және Жапонияның Аити префектурасындағы Цуцуми зауытында шығарылады. 43 жылдық тарихы бар Camry моделі Toyota-ның жаһандық стратегиялық көлігі болып саналады. Toyota осы уақытқа дейін Жапонияда 1,3 млн көлігін сатқан. Ішкі нарықтағы бағасы 3,49 - 4,68 миллион иен (26 400 - 35 450 доллар) аралығында.

Camry әлемнің 100-ден астам елінде сатылады, тек өткен жылдың өзінде 21 млн дана автомобиль сатылған. Ал Жапонияда былтыр көліктің жартылай өткізгішінің тапшылығына байланысты 6 мыңнан аз Camry сатылыпты. Есесіне жол талғамайтын көліктер мен минивэнге сұраныс артты.

NAGOYA басылымының хабарлауынша, бұл жағдай компанияның халықаралық нарыққа назар аударуына себеп болуы мүмкін.