Қазақстанның солтүстік облыстарында тұман түседі – синоптиктер

Автор: Azattyq Rýhy

«Қазгидромет» РМК 14 қазан күні Қазақстанның төрт өңірінде дабылды ескерту жариялады, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Фото: gazeta.a42.ru

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел түнде кей жерлерде секундына 15-20 метрге, күндіз секундына 25 метрге дейін жетеді.  

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел соғады. Қостанай қаласында күндіз оңтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр болады деп күтілуде.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел тұрады. Дауыл болу ықтималдығы 90-95% құрайды.

Нұрсұлтан қаласында таңертең тұман түседі. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр. Дауыл болу ықтималдығы 85-90% құрайды.