Коронавирус жұқтырған 5 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

Автор: Azattyq Rýhy

2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирусқа шалдыққан 22 адам анықталды, деп хабарлады Azattywq Ruhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

24 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 789 адам коронавирус инфекциясынан (–1 619+ және 170 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 649 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  5 адамның жағдайы ауыр,
  •  1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.