Өткен тәулікте елімізде 23 адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір 1795 адам коронавирус инфекциясынан емделуде

Фото ашық дереккөзден

Өткен тәулікте елімізде 23 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

23 наурыздағы жағдай бойынша, қазір 1 795 адам коронавирус инфекциясынан (коронавирустан (КВИ+) –1 625, пневмониядан (КВИ-) – 170) емделуде. Олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 655 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

  • 5 адамның жағдайы ауыр,
  • 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.