$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкент, Тараз, Түркістанда тағы да жер сілкінісі сезілді

Жерасты дүмпуінің ошағы Тәжікстан аумағында орналасқан

Шымкент, Тараз, Түркістанда тағы да жер сілкінісі сезілді
Фото ашық дереккөзден

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 23 наурыз күні сағат 02:07 кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство мәліметінше, жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 740 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14.1. MPV магнитудасы - 6,5. Эпицентр координаттары - 39.27° солтүстікке қарай - 69.80°. Тереңдігі - 25 шақырым», - деп жазды стансаның кезекші диспетчері.

МСК-64 шкаласы бойынша зілзала Қазақстанның Шымкент, Тараз қалаларында, Түркістан облысында 2-3 балл шамасында сезілген.

 

Сондай-ақ ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-ның сейсмостанциялары бүгін сағат 07.53-те тағы бір жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 710 км жерде, Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында орналасты.

Энергетикалық санаты – 9,8. MPV магнитудасы – 4.6. Тереңдігі – 5 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түспеген.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#жер сілкінісі