22.03.2023, 14:37
Жаңалықтар
«Біргеміз»: Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жарыққа шықты
Туындының әуенін әншінің бауыры Мансұр жазған
Фото ашық дереккөзден
Бүгін әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің «Together» атты жаңа әні жарыққа шықты. Әнші бұл туралы желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Димаш Құдайбергеннің айтуынша, туындының әуенін әншінің бауыры Мансұр жазған және оны алғаш рет Алматыдағы концертінде бірге орындаған. Ал таяуда қарындасы Раушанмен бірге түсірілген бейнебаян көпшілікке жол тартады.
«Together» - бұл біз өмір сүріп жатқан қиын кезеңде махаббат пен үміттің хабары (...) Музыка бүкіл әлемді бір шаңыраққа біріктіреді, ал музыка бізбен бірге болса, жарқын болашаққа деген сенім мен өмірге деген сүйіспеншілік артады. Біз бірге болсақ, музыка әлемді шынымен өзгерте алады», - деп жазды әнші.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Бүгін, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды