Израиль Сириядағы әуежай аймағына бірнеше рет зымыранмен соққы жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Әзірге зымыран соққыларынан кейін материалдық залал тіркелгені ғана айтылды

Фото ашық дереккөзден

Израиль Сирияның Алеппо халықаралық әуежайына бірнеше рет зымыранмен соққы жасады. Бұл туралы Сирияның Қорғаныс министрлігі хабарлады.

«Таңғы сағат 3.55-те Израиль Алеппо халықаралық әуежайының аймағына шабуыл жасап, Латакияның батысында Жерорта теңізінен бірнеше рет зымыранмен соққы жасады», - делінген хабарламада.

Әзірге зымыран соққыларынан кейін материалдық залал тіркелгені ғана айтылды.