Ертіс өзенінен ер адамның мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Өлімнің себептері анықталуда

Фото ашық дереккөзден

20 наурызда түнде Павлодар қаласының құтқару қызметі Ертіс өзенінен ер адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кеше, 20 наурыз күні сағат 22:23-те «112» пультіне Павлодар-Ленинский автокөпірінің астындағы мұздан мәйіт байқалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар шақырту орнына жеткен кезде азиялық ер адамның жансыз денесі табылды», - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД.

Өлімнің себептері анықталуда.