21.03.2023, 13:45
Жаңалықтар
Елена Рыбакина қазақстандықтарға алғыс айтты
Ол WTA 1000 санатындағы турнирде алғаш рет жеңімпаз атанды
Фото ашық дереккөзден
Индиан Уэллстегі (АҚШ) турнирде жеңіске жеткен қазақстандық теннисші Елена Рыбакина қазақстандықтарға алғыс айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Баршаңызға қолдауыңыз үшін рақмет! Қазақстандағы жанкүйерлеріме, жаңа жеңіс пен белеске ұмтылатын жергілікті жігіттер мен жасөспірімдерге ерекше алғыс айтамын! Бәрі де мүмкін. Сенім мен көпжылдық қолдауыңыз үшін рақмет», - деп жазды Рыбакина желідегі парақшасында.
Еске салайық, бұған дейін 23 жастағы спортшы WTA 1000 санатындағы турнирде алғаш рет жеңімпаз атанған болатын.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 11:29
Олжас Абай мен Дариға Бадықова үйлену тойын дүркіретіп өткізді (ВИДЕО)