Қарағанды тұрғынының атынан онлайн-несие алған алаяқ ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тергеу амалдары жүріп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қарағандыда белгісіз біреудің 56 жастағы азаматты алдап, атына 100 мың теңге онлайн-несие алғаны белгілі болды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

32 жастағы әйел полицияға арызданып, ағасының алаяқтардың құрбанына айналғанын хабарлаған.

«Криминалдық полиция қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушінің құжаттары мен банк картасының деректерін пайдаланып, интернет арқылы онлайн-несие алған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция қызметкерлері азаматтарға қырағы болуға және бейтаныс адамдарға жеке ақпаратты телефон арқылы бөліспеуге, өзінің банк карталарының деректерін, кіру кодтарын хабарламауға кеңес береді», - деп жазылған хабарламада.