Абай облысында әйел 5-қабаттан құлап, мерт болды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды

Фото ашық дереккөзден

Абай облысында әйел 5-қабаттан құлап, мерт болды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше,  343-тоқсан ауданындағы 5-қабаттан әйелдің құлау фактісі бойынша Затон полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.

ҚПК 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілмейді.