Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Автор: Azattyq Rýhy

Алматы мен Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болуы мүмкін

Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

20 наурызда Алматы мен Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.