«Социс-А» институты еxit poll нәтижелерін ұсынды

Автор: Azattyq Rýhy

«AMANAT» партиясы сайлаушылардың 54,42% -ын жинаған

Фото: Azattyq Rýhy

Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша «Социс-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты ұсынған еxit poll-дың алғашқы нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Социс-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының мәліметі бойынша, «AMANAT» партиясы сайлаушылар дауысының 54,42% -ын жинайды. Ал екінші орында – «Ауыл» партиясы (10,21%).

Exit poll-дың нәтижесі бойынша, ең аз дауысты «Байтақ» партиясы (2,17%) жинайды.

Сайлаушылардың 4,40%-ы «бәріне қарсымын» нұсқасын таңдаған.