Ертең еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Автор: Azattyq Rýhy

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді

Фото ашық дереккөзден

Ертең, 20 наурызда республиканың шығысында, оңтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің ақпаратына сәйкес, шығыста, орталықта қар жауады,  аздап бұрқасын соғады. Ал оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін.

Жалпы ауа райы болжамы бойынша республикада тұман түсіп, жел күшейеді. Ал батыста шаңды дауыл сақталады.

Астанада түнде ауа температурасы -15 -17 градусты көрсетеді көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынболмайды. Күндіз ауа температурасы -4 -6 градусқа дейін көтеріледі және ауа райы ашық болады.

Алматы қаласында түнде термометр бағаны -2 -4 аязды көрсетіп, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Тұман түсуі мүмкін. Ал күндіз ауа райы +7 +9 градусқа дейін жылынып, көшпелі бұлт жүріп, жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.

Шымкентте түнде ауа температурасы +6 +8 градус деңгейінде болып, мұнда да жауын-шашынсыз көшпелі бұлт жүруі мүмкін. Ал күндіз +14 +16 градусқа дейін жылынғанымен, көшпелі бұлт жүріп, күн ашық болады.