Қазақстан Халық партиясының төрағасы сайлауда дауыс берді

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр

Фото: facebook.com/halykpartykz

Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ол М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында орналасқан №137 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Өтіп жатқан парламенттік сайлау науқаны – бұл жаңа Қазақстанның құрылысына жасалған алғашқы және ең ірі қадам», – деді Ертісбаев.

Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы тиіс.