Олар №228 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасады
Нұрболат Меркітов пен Жанар Орынбаева – жас жұбайлар. Олар Жезқазған қаласындағы ең ірі №228 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгінгі неке қию рәсімі ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауымен тұспа-тұс келіп тұр.
«Биыл сайлауда өз жұбайыммен дауыс бергеніме өте қуаныштымын. Биылғы сайлаудың кандидаттарына үлкен үміт артамыз. Ұлытау облысымыздың, қаламыздың дамуына үлес қосады деп сенемін. Бұл сайлаудан үлкен өзгерістер күтеміз», - дейді Нұрболат.