Ол № 393 сайлау учаскесінде дауыс берді
Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Парламент Мәжілісі депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының ғимаратында орналасқан № 393 сайлау учаскесінде дауыс берді.
2023 жылғы 19 наурызда таңғы сағат 7-де Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру басталды.
Дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатысады. Сайлау тізімдеріне 12 миллионнан астам азамат кіреді.
Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.