Астанада 18 жастағы тұрғын алғаш рет дауыс берді

Автор: Azattyq Rýhy

Ол сайлау учаскесі ашылғанға дейін келіпті

Астананың 18 жастағы тұрғыны Абай Тәңірберген алғашқылардың бірі болып таңертең №379 сайлау учаскесіне анасымен бірге барып, дауыс берді. Бұл туралы Azattyq Ruhy елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, сайлау учаскесі ашылғанға дейін келіпті.

«Бүгін мен үшін тарихи күн. Сайлауда дауыс беру менің азаматтық міндетім деп санаймын. Бірінші болып дауыс беру үшін бүгін ерте тұрып, сайлау учаскесінің ашылуын сағат 6-дан күттім. Мен елдің болашағын анықтайтын үлкен саяси науқанға үлес қосқым келді», - деді ол.

№ 379 сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнәр Садықова тұңғыш рет дауыс берген Абай Тәңірбергенге сыйлық жасап қуантты.

№379 учаскеде барлығы 2494 сайлаушы, 10 076 бюллетень алынды. Ал тіркелген сайлаушылардың 5-еуі 18 жаста, яғни алғаш рет дауыс береді, ал 1 сайлаушы үйінде отырып дауыс береді.

Тегтер: