Ресейдің үш қаласында сайлау учаскелері ашылды

Автор: Әйгерім Ердәулет

Бүгін елімізде Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі әр елдегі елшілік жанынан жұмысын бастап жатқан сайлау учаскелері туралы соңғы ақпаратты таратты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Осы сағатқа келіп түскен мәліметке сүйенсек, Ресейдегі 3 қалада ҚР елшілігінде ашылған сайлау учаскелері жұмысын бастады. Осылайша, Мәскеу, Санкт-Петербург және Қазандағы сайлау учаскелеріне қазақстандықтар келіп келіп, дауыс бере алады.

19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.

Дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Сайлау тізімдеріне 12 миллионнан астам азамат кіреді.

Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы керек.