Ол Оқушылар сарайындағы №59 сайлау учаскесінде дауыс берді
Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ол Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайындағы №59 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Естеріңізге сала кетейік, 19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.
Дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Сайлау тізімдеріне 12 миллионнан астам азамат кіреді. Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы керек.