Ол сайлау процесін цифрландыруға қатысты пікірін білдірді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин сайлау учаскесіне баласын ертіп барып, дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Мусиннен өзге, осы сағатқа дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов дауыс беріп үлгерген.
Ал дауыс бергенге дейін Бағдат Мусин сайлау процесін цифрландыруға қатысты пікірін білдірді.
«Егер сайлау процесінің өзін цифрландыруға тоқталатын болсақ, бұл жерде халықаралық тәжірибені зерттеу керек. Әрине, дауыс беру процесінің өзін цифрландыру оңай, бірақ халықтың ол процеске сенім артуы тұрғысынан көп жұмыс істеу керек», - деді Мусин.
Еске сала кетейік, бүгін, 19 наурыз күні қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.