Қорғаныс министрі сайлауда өз таңдауын жасады

Автор: Кенжекей Тоқтамұрат

Қазақстанда әскери бөлімдер мен әскери оқу орындарында 21 сайлау учаскесі ашылған

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жалпы, қазір әскери бөлімдер мен әскери оқу орындарында ашылған 21 сайлау учаскесінде әскери борышын өтеп жүрген азаматтар мен Қарулы күштердің курсанттары дауыс бере алады.

Естеріңізге сала кетейік, 19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.

Дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Сайлау тізімдеріне 12 миллионнан астам азамат кіреді. Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы керек.