Президент реформалары қоғам тарапынан қолдау тапты – Ерлан Қарин

Автор: Azattyq Rýhy

Ол бұл сайлау көздеген реформалардың жүзеге асуына жаңаша серпін беретінін жеткізді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин депутаттыққа түсіп жатқан кандидаттардың көптігі қоғамда Президент реформасына қолдау бар екенін байқататынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бұл дегеніміз – реформалар қоғам тарапынан қолдау тапты деген сөз. Егер бір мандатты округ бойынша осыншама адам өз кандидатурасын ұсынып отырса, әртүрлі саяси партиялардың үгіт-насихат бағдарламасына қатысса, бұл – Президент реформалары қоғам тарапынан үлкен қызығушылық оятып, қолдау тапты деген сөз. Реформалар үміт ұялатып отыр. Менің ойымша, бұл сайлау көздеген реформалардың жүзеге асуына жаңаша серпін береді», - деді Ерлан Қарин.

Айта кетейік, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Астана қаласындағы Ұлттық кітапханада ашылған сайлау учаскесіне барып, дауыс берген болатын.