Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сайлауда дауыс берді

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Ұлттық кітапханада өз таңдауын жасады

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында Ұлттық кітапханадағы №111 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сайлау учаскесі елорда уақыты бойынша сағат 7.00-ден жұмысқа кірісті.

Сайлау учаскесінде есеп бойынша 2 771 бюллетень бар. Ал тіркелген сайлаушылар саны - 2 744.

Еске сала кетейік, 19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.