Алматыда сайлау учаскесінде алғашқы дауыс берушілерге сыйлықтар берілді

Автор: Azattyq Rýhy

Оларға сыйлық ретінде шай мен қазақстандық шоколад берілді

Әр сайлау учаскесі сайлаушыларын ерекше күтіп алуға тырысып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мәселен, Оқушылар сарайында орналасқан №377 сайлау учаскесі келушілер наурыз көже мен ыстық бауырсақтан дәм татып жатыр. Ал Алатау ауданының №8 сайлау учаскесінде алғашқы дауыс берушілерге сыйлық ретінде шай мен қазақстандық шоколад берілді.

Айта кетейік, мегаполисте 600-ден астам сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр.