Әлемнің тағы бірнеше қаласында сайлау учаскелері өз жұмысын бастады

Автор: Azattyq Rýhy

Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр қалаларында учаскелер ашық

PressMFAKZ

Әлемнің бірнеше қаласында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына дауыс беру учаскелері ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР СІМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр қалаларында дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады.

Шетелдегі барлық сайлау учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған.

Бұған дейін Оңтүстік Корея мен Жапонияда сайлау учаскелері ең бірінші болып ашылғанын жазған болатынбыз.