Бұған ауа райының нашарлауы себеп болды
Ауа райының нашарлауына байланысты Алматы облысында бір жол учаскесі жабылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«18 наурыз күні сағат 20.45-тен бастап Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көрінудің төмендеуі) «Көкпек-Кеген-Түп» тасжолының Аласа асуынан Кеген ауылына дейінгі аралығында жол қозғалысына шектеу енгізілді», - делінген хабарламада.