Ауа райының күрт нашарлауынан Жетісуда бірнеше жол апаты тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

Жол апатынан үш адам қаза тапты

Фото ашық дереккөзден

Ауа райының күрт нашарлауынан Жетісуда бірнеше жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Соңғы екі жол апаты Ақсу ауданындағы Сағабүйен ауылының маңында орын алған. Елді мекеннен шыққан кезде Mitsubishi Lancer автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, көпірден аударылып кетті. Жол апатынан екі адам зардап шекті.

Сондай-ақ Алматы-Өскемен автожолының 361 шақырымында (Сағабүйенде) CHERY кроссовері КамАЗ-бен соқтығысқан. Оқиға орнында 3 адам қаза тапты, олардың арасында сәби де бар. Тағы екі зардап шеккен адам ауруханаға түрлі жарақаттармен жатқызылды.