Күдікті қамауға алында
Қызылордада жойылып кету қаупі төніп тұрған киік жануарын заңсыз аулап, оның мүйізі мен етін тасымалдап, сақтап, өткізіп, қылмыстық жолмен қаражат тауып жүрген 42 жастағы қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ІІМ сілтеме жасап.
«6 киік аңына ұқсас жануардың өлі денесі, 130 мүйіз, 12 калибрлі аңшы мылтығы, 26 дана оқ және жол талғамайтын автокөлік анықталды»,-делінген хабарламада.
ҚР ҚК 339-бабы 2-бөлігінің 2- тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Күдікті қамауда отыр.