Түркияда селден қаза тапқандар саны 17-ге жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы бір адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

фото: www.aa.com.tr

Түркияда селден қаза тапқандар саны 17-ге жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.  

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Шанлыурфа провинциясында сел тасқыны ағызып әкеткен 20 жастағы Эмин Эргүнді іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмысқа 100 шақты адам жұмылдырылған. Олардың арасында құтқарушылар мен сүңгуірлер де бар.

15 наурыз күні Эмин Эргүні жүк көлігімен бірге сел ағызып әкеткен. Құтқарушылар ол Ататүрік атындағы су қоймасына түсіп кетуі мүмкін деп санайды.

Соңғы деректерге қарағанда Шанлыурфа мен Адыяман провинцияларындағы селден қаза тапқандар саны 17-ге жетті.