ҚХП өкілдері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылады

Автор: Azattyq Rýhy

Партия көпбалалы аналарға тегін баспана беруді қолдайды

Қазақстан Халық партиясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Асылбек Нұралин партияның сайлауалды бағдарламасының ең маңызды бөлігіне тоқталып өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Партиялықтардың пікірінше, прогрессивті инфляцияны ескере отырып, ең төменгі жалақы 140 мың теңге болуы керек.

Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Гауһар Танашева Халық партиясы көпбалалы аналарды ұдайы назарда ұстап, олардың мәселесін көтеріп келетінін тілге тиек етті. Оның айтуынша, партия 1-3 бала тәрбиелеп отырған аналар үшін – қолжетімді баспана, ал көпбалалы аналарға – тегін баспана беруді қолдайды. Сондай-ақ, спикер балалар үшін ақысыз үйірмелер, қолжетімді медицина мен тегін білім беруді талап ететінін жеткізді.