Ол 46 жасқа толды
Отандық әнші Айгүл Иманбаева Алматыда өткен жеке кешінен соң шоу-бизнес өкілдері арасында туған күнін атап өтті. Өнер иесі 46 жасқа толды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Айгүл Иманбаева 15 наурыз күні күндіз Республика сарайында жеке кешін өткізсе, сол күні кешке Алматыдағы қымбат мейрамхананың бірінде туған күнін атап өткен.
Sn.kz мәліметіне жүгінер болсақ, әншінің 46 жасын құттықтап келгендер арасында Роза Рымбаева, Тұңғышбай Жаманқұлов, Азамат Сатыбалды, Мөлдір Әуелбекова, Ақбота Керімбекова, Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова бар.
Сонымен қатар әнші Шахизада Instagram парақшасында Иманбаеваның туған күнінде түсірілген видеоны бөлісті. Айгүл Иманбаева да туған күнінің естеліктерін Instagram желісінің stories бөлімінде бөлісті. Әншінің туған күнінің құрметіне жүз келілік торт дайындалған. Бұл тосынсыйды әншіге ақтөбелік құрбысы ұйымдастырыпты.