Валюта бағамы: 17 наурызда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттық банк жұмаға арналған доллар бағамын жариялады

© Pixabay

Қазақстанның Ұлттық банкі 17 наурызға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Бүгін, яғни жұмада доллар бағамы тағы 1,39 теңгеге көтеріліп, 466,15 теңге болып бекітілді.

Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 464,79 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 6,1 теңге болды.

Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 463 теңгеден сатып алынып, 466,5 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында да орташа есеппен 461 теңгеден сатып алынып, 465 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

  • USD / KZT – 466,15 (АҚШ доллары)
  • EUR / KZT – 494,82 (еуро)
  • RUB / KZT – 6,1 (ресейлік рубль)
  • TRY / KZT – 24,75 (түрік лирасы)
  • CNY / KZT – 67,57 (қытай юані)
  • KGS / KZT – 5,33 (қырғыз сомы)
  • UZS / KZT – 4,08 (өзбек сомы).