ҚР ІІМ мәліметінше тәркіленген есірткінің салмағы 1 келіден асады
Елордада аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сақтаған 26 жастағы адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Күдікті тұрған пәтерді тінту кезінде ерекше иісі бар ақ түсті зат салынған 700-ден астам түйіншек табылды және тәркіленді. Сараптама көрсеткендей, зат салмағы шамамен 1 кг 200 гр мефедрон болып шықты. ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам кінәсін мойындады және ол қамауға алынды»,- делінген полиция хабарламасында.