Мың қораптың әрқайсында ең қажетті өнімдер бар
Наурыз мерекесі — игі істің бастауы. Көктемнің басты мерекесі қарсаңында Астанада жылдағы дәстүр бойынша көмекке мұқтаж азаматтарға азық-түлік себеттері тапсырылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана қаласының әкімдігі мен демеуші болған PetroRetail компаниясы халықтың әлеуметтік мұқтаж топтарына және басқа да азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек ретінде азық-түлік жиынтығы қайырымдылық көмек көрсету аясында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.
«Меморандум шеңберінде осы жылдың соңына дейін компания елорданың мұқтаж отбасыларына 4 мың дана азық-түлік жиынтығы түрінде көмек көрсететін болады. Осы айда Наурыз мейрамының құрметіне мың отбасы көмек алады», — деді елорда әкімінің орынбасары Есет Байкен.
Астана қаласы әкімінің орынбасары акция ұйымдастырушылары мұқтаж азаматтарға көмектесіп қана қоймай, бүкіл ел бойынша орта және ірі бизнес субъектілерін қайырымдылыққа ерекше назар аударуға және белсенді болуға шақыруға ниетті екенін айтты.
Еріктілер мен қарапайым тұрғындар қазір жалғызбасты зейнеткерлердің, ардагерлердің, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасылардың, аз қамтылған отбасылардың және халықтың әлеуметтік осал топтарындағы басқа адамдардың үйлеріне мыңнан астам себет тапсырды. Мың қораптың әрқайсысында ең қажетті өнімдер бар — ұн, қант, май, макарон, қарақұмық, күріш және т.б. қажетті тауарлары бар азық-түлік жиынтықтары сегіз ауыр жүкке тиелген.