16.03.2023, 14:40
Жаңалықтар
Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы қанша күнге созылады
Оқу-ағарту министрлігі арнайы бұйрық шығарды
Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 9 күнге созылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Министрлік мәліметінше, оқушылар 18-26 наурыз аралығын қоса алғанда 9 күн демалады.
«Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 2023 жылғы 18-26 наурыз аралығын қоса алғанда 9 күнге созылады (Орта білім беру ұйымдарында 2022 – 2023 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 363 бұйрығы)», - делінген ведомство хабарламасында.
Көп оқылған
02.10.2026, 16:53
«Сотқа күйеуінен сұранбай келе ме?»: Данияр Кенжеұлы Роза коучты кезекті рет сынға алды
02.10.2026, 17:32
«Таспен қуып, өлтіремін деп қорқытты»: Алматыда ішіп алған ер адам бойжеткенге шабуыл жасады (ВИДЕО)