ҚХП-дан Мәжіліс депутаттығына кандидат Атыраудағы емхана ұжымымен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Спикер кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Қазақстан Халық партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Балжан Досмұхамбетова қалалық емхананың ұжымымен кездесті деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспаөз қызметіне сілтеме жасап.

Спикер кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ол алдымен Халық партиясы еліміздің барлық тұрғындарына лайықты жалақыны қайтару үшін халықаралық конвенцияны ратификациялауды талап ететіндігін айтты.

Сондай-ақ, ол Халық партиясы балабақшалардан бастап халыққа тегін медициналық қызмет көрсетуді және тегін білім беруді қолдайтынын тілге тиек етті. Партия өкілі мемлекет көпбалалы отбасында тәрбиеленген балаларға жоғары оқу орындары мен колледждерде тегін білім беруге тиіс екенін мәлімдеді.