$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Respublica партиясының үгіт-наисхат тобы Ақтауға барды

Партия белсендісі жоғары білім мәселесін сөз етті

Respublica партиясының үгіт-наисхат тобы Ақтауға барды

Respublica партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Екатерина Смолякова Ақтаудағы «OSS Kazakhstan» ЖШС ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспаөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын барысында спикер қазақстандық жоғары білімнің мәселелеріне тоқталды.

«Университеттерде теория мен практиканың байланысы жоқ. Біз бұл келеңсіз жағдайды өзгерткіміз келеді, бұл бағыттағы реформалар біздің бағдарламамызда білім беруді өндіріспен тығыз байланыстыру ретінде қарастырылған. Ең алдымен, әр факультет өндірістік компаниялармен тығыз байланыс орнату қажет. Олар оқу бағдарламаларын әзірлеу үшін бірлесіп жұмыс істеуі тиіс. Әр университетте зертханалар ашылып, арнайы кабинеттер ашылғаны абзал. Сонда ғана біз нағыз мықты мамандарды әзірлей аламыз», - деді ол өз сөзінде.

Серіктес жаңалықтары