«Ауыл» партиясы Қызылорда облысының ұстаздарымен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Олар педагогтердің бірқатар мәселелерін талқылады

«Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Болатбек Қыстауов, София Әбдіразақова, Ілияс Досқожаев, Нұркен Қаржаубаев және түрлі деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға кандидаттар Қызылорда облысының сайлаушыларымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспаөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ауыл» партиясы мен «Мансап» жекеменшік мектебі Қызылорда қаласында ауыл ұстаздарын қолдау мақсатында шара ұйымдастырды. Жиында жас педагогтерді ауыл мектептеріне жұмысқа тарту, ауыл мектептерінің ақпаратқа қолжетімділігін арттыру мәселесі талқыланды.