$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ауыл» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын Павлодар облысында жалғастыруда

Партия белсенділері еңбек ұжымымен кездесті

«Ауыл» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын Павлодар облысында жалғастыруда

«Ауыл» партиясының делегациясы Павлодар облысы Набережная ауылында орналасқан «Андас Agro» ЖШС жұмысшы ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Серіктестік көкөніс өсіру, сақтау және сатумен айналысады.

«Ауыл» партиясы бүгінде еңбек адамының мәртебесін көтеру, қоғамда жұмысшы мамандықтарына деген оң көзқарасты қалыптастыру, еңбеккерлер абыройын асқақтату, беделі мен танымалдылығын арттыру жөніндегі барлық іске бастамашы, ұйытқы болып қана қоймай, соның заңнама тұрғысында нақты мәртебеге ие болуы үшін күш салып жүр. Еңбек адамының мүддесі – біздің мүдде!», – деді жиналыста сөз сөйлеген кандидат Николай Арсютин.

Жиын барысында «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырылып,  жұмысшылар кандидаттарға сұрақ қойып, ұсыныстарын айтты.

Серіктес жаңалықтары